Мәскеуде 70-тен астам рейс ауа-райына байланысты тоқтатылды

421

Метеорологтардың соңғы есептеулері дүйсенбіге қарай Мәскеу мен Мәскеу облысында қар үйінділерінің биіктігі 15-20 см дейін өсетінін көрсетеді.  

Мәскеуде 70-тен астам рейс ауа-райына байланысты тоқтатылды Фото: inform.kz

Қардың қалыңдығы 40 см-ге дейін өсіп, оның биіктігі бойынша жаңа рекорд орнатылады, деп хабарлады Ресей гидрометеорологиялық орталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд, деп жазады  Inbusiness.kz.

"Соңғы есептеулер бойынша, дүйсенбіге қарай қардың биіктігі 15-20 см-ге артады. бұл көптеген аудандарда қардың 40 см-ге жеткенін білдіреді, ал кейбіреулерінде одан да жоғары", - деді Роман Вильфанд.

Ал Мәскеу әкімінің орынбасары Петр Бирюков маманның айтқан болжамдары шындыққа жанасатынын дәлелдеді.

"80 жылда бірінші рет бүгін қаланың кей жерлерінде тәулігіне 25 см не одан да көп қар жауса, жекелеген аудандарында айлық норманың 60%-дан астам көлемінде – 39 см қар түскен. Қалада қосымша адам ресурстары мен техникалық жұмылдыру бойынша бүкіл қажетті шаралар қабылданды", - деді Петр Бирюков.

Оның айтуынша, жексенбі күні қалада қар жинау жұмысына қосымша 40 мың адам тартылған, барлығы 120 мыңға жуық жұмысшы қызмет етіп жүр.

Сондай-ақ, 14,2 мыңға жуық түрлі техника қолданылған.

BBC мәліметінше, Мәскеу әуежайларында 70-тен астам рейс кешіккен және кейінге қалған.

Әуежайлар қалың қарға қарамастан штаттық режимде жұмыс істейді. Бірақ рейстер кешігеді, өйткені ұшақтарды антифризбен мұқият өңдеу керек.

Кеше үш әуежайда барлығы 62 рейс кешіккен және 13 рейс кейінге қалған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу