Мәскеуде байланыс ақауларынан соң пейджер, рация және қағаз карталарға сұраныс артты

96

Бұл туралы Wildberries және Russ (RWB) компанияларының баспасөз қызметтерінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.    

Мәскеуде байланыс ақауларынан соң пейджер, рация және қағаз карталарға сұраныс артты Фото: freepik.com

Мәскеуде мобильді байланыстың жұмысы нашарлап пейджерлерге, рацияларға және қағаз карталарға сұраныс күрт өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты malim.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей астанасында 6–10 наурыз аралығында, ақпан айының дәл сол кезеңімен салыстырғанда, стационарлық телефондардың сатылымы шамамен 25%-ға, рациялардың сатылымы 27%-ға, ал пейджерлердің сатылымы 73%-ға артқан.

"Қала ішінде қозғалысқа қатысты да қиындықтар туындады. Мобильді интернеттің тұрақсыздығы жағдайында Мәскеуде қағаз карталарға деген сұраныс рекордтық деңгейде өскені байқалды", – деп хабарлады RWB компаниясы.

Мәселен, автожол карталарының сатылымы табиғи көрсеткіш бойынша 170%-ға, бүктемелі карталар 70%-ға, ал Мәскеу карталарының сатылымы 20%-ға артқан. Бұл көрсеткіштер 6–11 ақпан аралығындағы кезеңмен салыстырғанда тіркелген.

Мәскеудегі байланыс ақаулары қалалық театрлардың жұмысына да әсер етті – көрермендерге спектакльге келгенде қиындық болмас үшін электронды билеттерін алдын ала басып шығару немесе телефонда сақтап қою ұсынылды. Навигациядағы мәселелерге байланысты Мәскеудің автотұрақ операторы да жүргізушілерге посттөлем (кейін төлеу) мүмкіндігін пайдалануға болатынын еске салды.

Кремль мобильді интернеттің өшірілуін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді.

Билік өкілдерінің айтуынша, Украина тарапынан шабуыл жасау үшін "барған сайын күрделі әдістер" қолданылып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу