Мәскеуде балаларға арналған сауда үйі өртке оранды

747

Мәскеуде балаларға арналған сауда үйі өртке оранды

Ресейде тағы да сауда орталығынан өрт шықты. Мәскеу қаласында орналасқан "Персей для детей" сауда орталығы өртке оранды, деп хабарлайды Today.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Өрттің қауіптілігіне қарап 2-дәреже берілді. Өрттен зардап шеккендер бар. Оларды құтқару баспалдақтарымен далаға шығарып жатыр", – дейді Мәскеудің төтенше жағдай агенттігі өкілдері. 

Төрт қабатты сауда орталығы 6 мың шаршы метрді құрайды. 

Сауда орталығында балаларға қажетті дүниенің барлығы сатылады. 4 қабаттың біреуінде балаларға арналған ойын алаңы орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу