Мәскеуде ДХР мен ЛХР елшіліктері ашылады

705

Олармен 22 ақпаннан бері дипломатиялық байланыс орнатылған. 

Мәскеуде ДХР мен ЛХР елшіліктері ашылады

Мәскеуде ДХР және ЛХР елшіліктері жақын арада ашылады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне ресейлік дипломат мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дипломатиялық өкілдік 1-2 ай ішінде жұмысын бастауы мүмкін. 

"Біз елшілікті жақын арада ашуға тырысамыз. Жоспарымыз неғұрлым тезірек жүзеге асса, соғұрлым жақсы болады. Осыған байланысты нақты жұмыспен айналысып жатырмыз", – деді дипломат.

Ресей ДХР мен ДХР тәуелсіздігін мойындағаннан кейін, 22 ақпаннан бері олармен дипломатиялық байланыс орнатты. Кейін Ресей Президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасап, Донбасста "арнайы әскери операцияның" бастайтынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу