Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі 52 мәселені қарады, соларға қатысты еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамыту бойынша өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді.
Отырыста сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның халықаралық қызметі, Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) техникалық реттеуді жетілдіру, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру мәселелері талқыланды. Стандарттық үлгі типін және өлшеу жабдықтарының түрлерін бекіту Тәртіптері қабылданды.
ЕАЭО аумағында адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету мақсатында "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламенттер қабылданды.
strategy2050.kz