Сергей Анохинді құқық қорғау органдары пара алу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-ке сілтеме жасап.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ұсталған Анохин біраз уақыттан бері қауіпсіздік күштерінің тергеуінде болған.
"112" Telegram арнасы Сергей Анохиннің алдын ала мәлімет бойынша, қауіпсіздік күштерінің өкіліне 50 миллион рубль (250 миллион теңгеден астам) пара бергенін хабарлады. Пара алушы да ұсталды.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Сергей Анохин Ресей футбол одағының (РФ) бұрынғы вице-президенті және Мәскеу футбол федерациясының президенті болған. 2022 жылдың сәуіріне дейін Ресей футбол одағы РФУ Атқару комитетінің мүшесі болды.
Ол Fonbet букмекерлік компаниясының бас директоры қызметін атқарған. 2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қарашасына дейін "Химки" футбол клубын басқарды.