Мәскеуде Игорь Гиркиннің соты басталды

250

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Мәскеуде Игорь Гиркиннің соты басталды Фото: REUTERS

Бүгін Мәскеу қалалық соты әлеуметтік желілердегі жазбаларымен экстремистік әрекетке жария түрде шақырды деп айыпталған Игорь Стрелковке қатысты қылмыстық істі қарауды бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Стрелков пен оның адвокаттары ашық тыңдауды талап еткенімен, сот жабық есік жағдайында өтіп жатыр.

Гиркиннің адвокаты Александр Молоховтың айтуынша, сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамаған.

Сотта 2022 жылдың 25 мамырында ол интернетте өзін-өзі жариялаған ДХР-дан мобилизацияланғандар өздеріне тиесілі ақшаны алмағанын "эмоционалды түрде" таратқаны айтылды.

Ал, Гиркин қылмыстық істі қозғауға негіз болған бұл сөздер "өзінің бағалау пікірі болғанын, ол ешбір жағдайда тура мағынада қабылданбауы тиіс" деген ойда.

Келесі сот отырысы 2023 жылдың 20 желтоқсанында өтеді.

Экстремистік әрекетке жария түрде шақырғаны дәлелденсе Стрелков бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, қараша айында Стрелков 2024 жылы өтетін президент сайлауына өзін үміткер ретінде ұсынатынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу