Мәскеуде ішінара локдаун жарияланады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
28 қазаннан 7 қарашаға дейін Ресей астанасында коронавирус дертін жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты демалыс күндері етіп бекітілді.
Дәрі-дәрмек, тамақ өнімдері және басқа да өте маңызды тауарларды сату орындарын қоспағанда, сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, спорт, мәдениет, демалыс, ойын-сауық, кинокөрсетілім және басқа да салалардағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады.
Мейрамханалар мен дәмханалар дайын тағамдарды алып кету және жеткізу режимдерінде жұмыс істей алады. Балабақшалар мен мектептерде демалыс жарияланады.
Ресей Президенті Владимир Путин 30 қазаннан 7 қарашаға дейінгі күндерді демалыс деп бекіткен болатын.
Соңғы апталарда Ресейде індет өршіп барады. Соңғы тәулікте 36 мыңнан астам вирус жұқтырып, 1 036 адам қайтыс болды. Пандемия басталғалы бұл елде коронавирус инфекциясы салдарынан 227 мыңнан астам адам қаза тапты.
Табиғат Нұрболат
Фото: afp.com