Мәскеуде ішінара мобилизация аяқталды

989

Шаһар басшысы Собянин Мәскеуде ішінара жұмылдырудың аяқталғанын жариялады.  

Мәскеуде ішінара мобилизация аяқталды

Мәскеуде ішінара жұмылдыру аяқталды, бұған дейін жіберілген әскерге шақыру қағаздары күшін жоғалтты, деп хабарлады  Сергей Собянин қаланың әскери комиссарына сілтеме жасап.

"Президенттің Жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы негізінде белгіленген ішінара жұмылдыру жөніндегі міндеттер толық көлемде орындалды. Жұмылдырылғандарды жинау пункттері 2022 жылғы 17 қазанда сағат 14:00-де жабылады. Жұмылдыру процесінде тұрғылықты жері мен кәсіпорындарына жіберілген шақыртулар өз күшін жойды", — делінген әкімнің жеке блогында.

Собянин мобилизация көптеген Мәскеу отбасылары үшін үлкен сынақ болғанын, қойылған міндеттерді орындау қала тұрғындарының жауапкершілігі мен патриотизмінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Әкім мәскеуліктерге алғысын білдіріп, фронтқа кеткендер аман-есен үйлеріне оралатынына үміттенетінін жеткізді. 

"Сарбаздарымыздың дені сау болып, аман-есен келулеріне дұға етіп, үмітімізді үзбейік. Жеңіспен оралып, еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қорғап қалады деген ойдамын. Мәскеу сіздің отбасыларыңыз бен жақындарыңызға қамқорлық жасайды", - деп қосты Собянин.

Мәскеу ішінара жұмылдыру аясында шақырылғандарға айына 50 мың рубль төлейді. Сонымен қатар, Ресей астанасында жұмылдырылған мәскеуліктердің туыстарын қолдау орталығы жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу