Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу аяқталды

559

Бұл туралы оның анасы Жанна Ахметова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу аяқталды

"Сот тергеуі аяқталды. Пікірталас пен үкімнің шығуы қалды", – деп жазды Томирис Байсафаның анасы.

Еске сала кетсек, МГИМО-ның студенті қазақстандық Томирис Байсафа 2018 жылдың көктемінде Мәскеуде университет терезесінен құлап қайтыс болды.

Өткен жазда Дағыстанның бұрынғы Премьер-Министрінің ұлы, қазақстандықтың өліміне қатысты басты күдікті Муртузали Маджидов ақталды. Одан кейін осы жылдың ақпан айында ақтау үкімінің күші жойылды. Мәскеуде бұл іс бойынша жаңа сот процесі басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу