Жүк көлігімен алысқа қатынайтын қазақстандық жүргізушіге шабуыл жасаған күдіктілер Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттік мәліметінше, жүк көлігімен алыс жолға сапарлайтын Қазақстанның 43 жастағы тұрғыны сәуір айында полицияға жүгінген. Оның айтуынша, Пермская көшесінде көлікке мінген белгісіз төрт адам олардың Volvo жүк көлігіне таянып, 74 мың рубль мен 29 мың теңгелерін қолды етіп, артынша іздерін жасырған.
«13 тамыз, жексенбі күні полиция қызметкерлері шұғыл әрекет ету арнайы жасағының қолдауымен Щербинкадағы Нежинская көшесінде екі күдіктіні: есірткінің заңсыз айналымымен айналысқаны үшін ел полициясының іздеуінде жүрген Әзербайжанның 57 жастағы және Арменияның 28 жастағы тумаларын ұстады», - делінген полиция хабарламасында.