Мәскеуде коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды

804

Ресей астанасында вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамды құрап отыр.

Мәскеуде коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды

Ресей астанасында коронавирус жұқтырған және созылмалы дертке шалдыққан тағы 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Мәскеудегі коронавируспен байланысты жағдайды бақылау мен мониторингілеу жөніндегі жедел штабтың Telegram-арнасынан хабарланған, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Мәскеуде 4 пациент қайтыс болды. Оларға "пневмония" диагнозы қойылған және коронавирус жұқтырғаны да анықталды. Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында. Олардың барлығы жүрек-қантамырларының созылмалы дертіне шалдыққан", – деді штаб өкілдері.

Сонымен қатар қайтыс болғандардың созылмалы пиелонефрит, демікпе, мидың созылмалы ишемиясы сияқты аурумен ауырғандары да белгілі болды. Екі адамда қант диабеті болған. Пациенттердің екеуі тыныс алу аппаратына қосылған.

ТАСС агентігінің жедел штаб мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәскеуде осыған дейін коронавирус жұқтырған және өзге де аурулары бар 7 азамат қайтыс болды. Мәскеуде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу