Мәскеуде күрес түрлерінен гран-при турнирі басталды

554

Гран-при турнирі барысында Ненад Лаловичтің қатысуымен UWW комиссиясының онлайн отырысы өтеді.   

Мәскеуде күрес түрлерінен гран-при турнирі басталды

Ресей астанасы Мәскеуде грек-рим күресінен Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Иван Ярыгинді еске алуға арналған халықаралық турнир – індет басталғалы бері UWW ұйымдастырған алғашқы жарыс. Бәсекеде еркін, грек-рим күресінен бөлек, жағажай күресінің өкілдері де бақ сынауда. Жағажай күресіндегі балуандар додасы үшін спорт сарайына 70 тонна құм кіргізілген. 

Турнирде тоғыз елдің балуандары бақ сынауда. Атап айтар болсақ, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Аргентина, Бахрейн, Румыния, Солтүстік Македония және Түркия спортшылары өзара мықтыны анықтайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу