Мәскеуде сауда орталықтарының бірі отқа оранды

613

Мәскеуде азаматтық нысандарда ауқымды өрттер жалғасуда.  

Мәскеуде сауда орталықтарының бірі отқа оранды Фото: telegraf.com.ua

9 желтоқсан күні таңертең Ленинград тас жолындағы "Мега Химки" сауда орталығының ғимаратында өрт тұтанып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басында ірі құрылыс гипермаркетін шарпыған от уақыт өте келе ғимараттың басқа да бөліктеріне тарала бастаған. Алғашқыда 250 шаршы метр аумақты, кейін 7 мың, одан кейін 18 мың шаршы метр жерді отқа ораған тілсіз жау толығымен ауыздықталған жоқ (7 мың шаршы метр).

Жағдай әр минут сайын өзгереді, себебі құрылыс бөліміндегі өрттің салдарынан үнемі жарылыстар естіледі - өнеркәсіптік газ баллондары, сондай-ақ бояу ыдыстары жарылып жатыр.

Бастапқыда "Оби" дүкені жанып, ақыр аяғында толығымен өртеніп тынды. Дүкеннің ішіндегі ағаштан жасалған жиһаздар мен тауарлар оттың лаулап жануына өзіндік септігін тигізді. Әрі дабыл қағылғаннан кейін 20 минут күттірген өрт сөндірушілердің жедел қимылдамауынан да тілсіз жау біраз жерді шарпып әкетті. Әзірге апаттың себебі анықталмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу