Мәскеуде Сирияның алты азаматы жоғалып кетті

804

Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тексеру жүргізеді.

Мәскеуде Сирияның алты азаматы жоғалып кетті Фото: ТАСС

Мәскеуде білім беру бағдарламасына қатысу үшін келген алты Сирия азаматы жоғалып кетті. Бұл туралы "Дамаск газеті" хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Полицияға А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының шетелдік студенттермен жұмыс бөлімінің бастығы шетелдік қонақтардың жоғалып кеткені жайлы арызбен жүгінді.

Ол шілде айының басында Мәскеуге 16 сириялықтан тұратын топ келгенін хабарлады. Басында барлық шетелдіктер уақытылы сабаққа барып, жатақханада тұрды.

Бірақ соңғы уақытта Сирияның алты азаматы жоғалып, олармен байланыс үзілген. Шетелдіктердің орналасқан жері анықталмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу