Мәскеуде Тамерлан Қырыбаевпен қоштасу рәсімі өтті

866

Марқұмның денесі елге ұшақпен жіберілді.

Мәскеуде Тамерлан Қырыбаевпен қоштасу рәсімі өтті

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ММУ-дың қайтыс болған студенті Тамерлан Қырыбаевтың денесін елге жеткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуге консульдық-құқықтық көмек көрсетті. Сонымен қатар елшілік қызметкерлері Мәскеуде қоштасу рәсімін ұйымдастыруға қолын ұшын созды. Бұл туралы дипломаттық ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс – Қазақстан хабарлады.

Тамерланмен қошатасуға оның достары, бірге оқыған группаластары және оқу орнының өкілдері келді. 

"27 ақпан күні барлық қажетті рәсімдерден кейін Қазақстан студенті Тамерлан Қырыбаевтың денесі ұшақпен отанына жіберілді", – деді елшіліктегілер.  

Еске сала кетсек, ММУ жатақханасында қазақстандық студент Тамерлан Қырыбаев өзіне – өзі қол жұмсағаны хабарланған еді. Жас жігіт хат жазып қалдырған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу