Мәскеуде танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров ұсталды

459

Ресейлік Telegram-арналардың хабарлауынша ол Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұсталған. 

Мәскеуде танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров ұсталды Фото: Forbes.ru

Mash арнасының дерегінше, Сабуров көші-қон тәртібін бұзғаны үшін ұсталған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Нақтырақ айтқанда, ол Ресейде көші-қон есебіне тіркелу мерзімін кешіктірген. Бұл - Ресей Федерациясы Әкімшілік кодексінің 18.8-бабына сәйкес құқықбұзушылық.

Нұрлан Сабуровқа 5000 рубль көлемінде айыппұл салынды. Енді ол Ресейден шығып, кейін елге қайта заңды түрде кіруі қажет. Айта кету керек, әзілкешке Ресейге кіруге тыйым салынған жоқ.

Бұл бап бойынша ең қатаң жаза — бес жылға дейін елге кіруге шектеу қою. Алайда Сабуровтың ісінде мұндай шара қолданылған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу