Мәскеуде терезеден құлаған қазақстандық студент қыз көз жұмды

830

Мәскеуде терезеден құлаған қазақстандық студент қыз көз жұмды

Мәскеуде Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды. Ол ауруханаға 13 сәуірде түскен еді, деп хабарлайды Today.kz емдеу мекемесіне сілтеме жасап. 

Аурухананың ақпаратынша, бойжеткен 3 мамыр күні Мәскеу уақытымен 04:00-де қайтыс болған. Ақпаратты Склифосовский атындағы институттың қызметкерлері растады. 

Естеріңізге салайық, 13 сәуірде МГИМО-ның төртінші қабатындағы терезеден қазақстандық Томирис Байсафа құлап түскен еді. Оқиға оқу орнының екінші бір студенті Мұртазәлі Меджидовпен әңгімелескен соң болған. Куәгерлердің сөзінше, бұл жайтқа Мұртазәлімен ренжісіп қалған соң барған болуы мүмкін. 

Меджидов – Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы. 

Қыздың анасы Жанна Ахметова 15 сәуірде Томиристің жағдайын айтты. 

"Жағдайы тұрақты ауыр, өкпесі жасанды вентиляциямен демалып жатыр, аппаратсыз тыныстап жатқан жоқпыз, бүйрегін алып тастады, қабырғасы, жамбас сүйегі, қолы сынған. Дәрігерлер өкпеден қауіптеніп отыр, өйткені өкпесіне қатты соққы тиген, көп қан жоғалтқан", – деді Жанна Ахметова.

РФ тергеу комитеті "Өлімге дейін әкелу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу