18 қаңтар күні Мәскеу қаласында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығының басшысы Евгений Сысоевтың жұмыс кездесуі өтті. Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, алдағы жоспарларды белгіледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҰҚШҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Басшылар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығы мен терроризмге қарсы орталық арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасы бойынша, Иманғали Тасмағамбетов Евгений Сысоевке "II дәрежелі ҰҚШҰ Құрмет белгісі" марапатын табыс етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу