Мәскеуде заңсыз экскурсия ұйымдастырған қазақстандық қамауға алынды

434

Айыпталушылар 21 қазанға дейін қамауда болады. 

Мәскеуде заңсыз экскурсия ұйымдастырған қазақстандық қамауға алынды Фото: vot-tak.tv

Қазақстан азаматы, экскурсиялық онлайн дүкеннің бас директоры Александр Ким Мәскеу қаласындағы Замоскворецкий сотының шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жалпы юрисдикция соттары ресми порталының мәліметінше, 23 тамызда Мәскеу қаласының Замоскворецкий соты тергеу органдарының Александр Кимді қамауға алу туралы өтінішін қарау үшін отырыс өткізді. Сот талқысының қорытындысы бойынша, Замоскворецкий сотының судьясы Ирина Зорина өтінішті қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады.

РФ ҚК 238-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп айыпталған Қазақстан азаматына (тауарлар мен өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау немесе сату, қызмет көрсету, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау) осы әрекетті жасағаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге мәжбүрлеу жұмыстары немесе он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Одан бөлек сәрсенбі күні Мәскеудің су ағатын коллекторындағы адам өлімі бойынша екінші айыпталушы - жерасты экскурсияларын ұйымдастырушы Никита Дубас қамауға алынды.

Айыпталушылар 21 қазанға дейін қамауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу