Мәскеуде жүргізушісіз жүретін трамвайлар іске қосылады

1018

Урбанистер көліктің бұл түрін енгізу үшін Мәскеудегі рельстердің бір бөлігін жаңартып, ауыстыру қажет болады деген пікірде.

Мәскеуде жүргізушісіз жүретін трамвайлар іске қосылады

Мәскеу қаласында алдағы жылдары жүргізушісіз жүретін трамвайлар қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz шаһардағы көлік департаментінің басшысы Максим Ликсутовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Алдымен бұл көліктер операторлардың көмегімен жүреді, содан кейін толығымен өздігінен жұмыс істейді. Жоба "Яндекс" компаниясымен бірлесе жүзеге асырылады.
Ведомствоның хабарлауынша, жаңа көлік қала тұрғындарына тәулік бойы жол жүруге мүмкіндік береді және маршрут қатаң сақталады. Алайда урбанистер көліктің бұл түрін енгізу үшін Мәскеудегі рельстердің бір бөлігін жаңартып, ауыстыру қажет болады деген пікірде.

Көлік департаментінің басшысы трамвайлар қауіпсіз болатынын мәлім етті. Өйткені рельстердің басым бөлігі жеке көліктер жүрмейтін жерлерде салынған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу