Мәскеудегі АҚШ елшісі түрмеге қамалған Гершковичпен жүздесті

509

Линн Трейси Ресей билігін WSJ тілшісін дереу босатуды талап етті.  

 Мәскеудегі АҚШ елшісі түрмеге қамалған Гершковичпен жүздесті Фото: cdnuploads.aa.com.tr

АҚШ-тың Ресей Федерациясындағы елшісі Линн Трейси дүйсенбіде Лефортово тергеу изоляторына Wall Street Journal газетінің тілшісі Эван Гершковичке барғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Бүгін мен WSJ тілшісі Эван Гершковичке бардым. Екі аптадан астам уақыт бойы қамауда отырған  Эванмен жүздесудің мүмкіндігі бүгін ғана туды", - делінген Ресей Федерациясындағы Америка елшілігінің Twitter-дегі хабарламасында. "Жағдайы жаман емес. Біз оны дереу босатуды талап етеміз", - деп қосты дипломат.

АҚШ елшісі Ресей билігінен WSJ тілшісін дереу босатуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу