Мәскеудегі ақтаулықтар дауыс берді

479

ҚР Президентін сайлауға қазақстандықтар шетелде де белсенді қатысып жатыр.  

Мәскеудегі ақтаулықтар дауыс берді Фото: ҚР Мәскеу қаласындағы елшілігі

Мәселен, Қазақстан паспортының иегерлері Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мұнда № 265 сайлау учаскесі ашылды. Сайлаушылар тізімінде 2340 адам бар. Сайлауға қатысу үшін елшіліктің сайтында өтініш беру қажет. Ауа-райына қарамастан қазақстандықтар өздерінің азаматтық борышын орындауға барды. Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде дауыс беру үдерісі мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр. Сайлаушылар самауырыннан ыстық шай ішіп, бауырсақтан ауыз тиді.

Ресей астанасында тұратын қазақстандық Элина Зироянның айтуынша, сайлау учаскесінде жайлы атмосфера орнаған.

"Барлығы өте жіті ұйымдастырылған. Сайлаушылар қарасы көп. Жүйелі жұмыс нәтижесінде дауыс беру үрдісі де жедел өтуде. Мен қызымды ертіп келдім, бізге бәрі ұнады. Азаматтық борышымды орындағаныма қуаныштымын.  Әрбір азамат болашақтағы мемлекеттік саясаттың бағдарын айқындайтын тұлғаны таңдауға бір кісідей ат салысуы тиіс", - деді Элина Зироян.

Мәскеудегі сайлау учаскесі күні бойы жұмыс істейді және сағат 20:00-де жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу