Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан сарбаздар елге оралды

241

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 37-ші бригадасының 80 әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшақпен Талдықорған қаласына қонды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан сарбаздар елге оралды Фото: Қорғаныс министрлігі

9 мамыр күні қазақстандық десантшылар Қызыл алаңмен салтанатты шерумен өтіп, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен азаттығы жолында күресіп, қаза тапқан жауынгерлер мен көзі тірі ардагерлерге тағзым етті.

"Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын", – деді парадқа қатысқан аға лейтенант Ерзат Қосын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу