Хабарламада айтылғандай, бұған Мәскеу қаласында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себеп.
"Шұғыл мәселелер бойынша 8-925-897-71-14 "Жедел желі" телефонына қоңырау шалуды сұраймыз. Қалған сұрақтар бойынша Консулдық бөлімнің телеграм-бот арқылы https://t.me/Consularkz_bot немесе consul.moscow@mfa.kz электрондық пошта арқылы хабарласуды сұраймыз. 2021 жылғы 24 қаңтардан бастап онлайн брондау арқылы жазылған азаматтар келесі күндері басым тәртіппен қабылданатын болады. Келушілерді қабылдауды қайта бастау күні туралы РФ-дағы ҚР Елшілігінің интернет-ресурстары арқылы қосымша хабарланатын болады", – деп жазылған хабарламада.