Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінің Консулдық бөлімі онлайн жұмыс режиміне өтеді

597

1 мен 14 қараша аралығында құжаттар пошта арқылы (consul.moscow@mfa.kz) қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz Елшілік сайтына сілтеме жасап.

Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінің Консулдық бөлімі онлайн жұмыс режиміне өтеді

"Мәскеу қаласындағы жағдайдың нашарлауына байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы және барлық келушілердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 мен 14 қараша аралығындағы кезеңде Мәскеудегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі онлайн жұмыс режиміне өтеді. Көрсетілген кезеңде құжаттар пошта арқылы қабылданады. Бұдан басқа, "жедел желі" телефоны – 8-925-897-71-14 (консулдық мәселелер бойынша жұмыс күндері сағат 09.00 – ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, шұғыл мәселелер бойынша-тәулік бойы) жұмысын жалғастырады", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ консулдық бөлімнің телеграмм-боты арқылы жүгінуге болатыны хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу