Мәскеудегі Премьер-лигада төрт спортшы финалға шықты

730

Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі жалғасуда. Бүгін финалдық бәсекелер өтеді. Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады деп хабарлайды Olympic.kz.   

Мәскеудегі Премьер-лигада төрт спортшы финалға шықты

Атап айтар болса, қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Софья Берульцева (68 келі) ақтық сында айқасады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай финалдық жекпе-жекте бақ сынайды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу