Мәскеудегі рұқсат етілмеген митингіде мыңнан астам адам ұсталды

1040

Митинг басталғанға дейін көшені полиция мен Росгврадия  қызметкерлері қоршауға алған.  

Мәскеудегі рұқсат етілмеген митингіде мыңнан астам адам ұсталды

Мәскеу полициясы сенбі күнгі рұқсат етілмеген митингіге қатысқан мыңнан астам адам ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Интерфакс".          

"Астана орталығында өткен рұқсат етілмеген акцияда әртүрлі құқықбұзу бойынша 1074 адам ұсталды. Оларға тексеру нәтижесі бойынша заңға сай шешімдер қабылданады", - деп хабарлады "Интерфакске" Ресей ІІМ баспасөз қызметі.          

Трубной алаңы маңындағы рұқсат етілмеген митингі аяқталғаннан кейін 40 шақты адам ұсталған, оның ішінде публицист Виктор Шендерович, журналист Илья Азар бар.
Рұқсат етілмеген   акция сенбі күні   күндіз Тверск көшесінде басталған. Митинг басталғанға дейін көшені полиция мен Росгврадия  қызметкерлері қоршауға алған.   Бұл кезде Тверск көшесіндегі мейраханалар мен дәмханалар, дүкендер жабық болған.

Акцияға қатысушулардың басы әкімдік ғимаратының жанына белгіленген уақыттан ерте жинала бастаған. Полиция қызметкерлер оларды Брюсов қиылысына шегеріп тастаған.

Кейін акцияға қатысушылардың басым бөлігі әкімдікке "Тверск" метросынан келмек болған. Алайда метродан шығар жерде полиция мен Росгвардия қызметкерлерімен қақтығыс болып, митингіге қатысушылар ащы баллон қолданған.      

Еске салар болсақ, 27 шілде күні Мәскеуде оппозициялық саясаткерлер билікпен келіспеген митингі ұйымдастырған. Мәскеу қаласының мэрі  Сергей Собянин рұқсат етілмеген митингі ешқандай жақсылық әкелмейтінін айтқан болатын.

Митингіні Мәскеу қалалық думасында жалған қол қоюшылар саны көп болғандықтан рұқсат алмаған оппозиционерлер ұйымдастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу