Мәскеудегі сайлау учаскесінде сайлауға қатысу 25 пайызды құрайды

665

Қазақстандағы Президент сайлауына Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы №265 сайлау учаскесінде 600 адам дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.    

Мәскеудегі сайлау учаскесінде сайлауға қатысу 25 пайызды құрайды Фото: gov.kz

Дипломатиялық өкілдік жанындағы учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Александр Синяговскийдің айтуынша, Ресейдегі бес сайлау учаскесінде барлығы 1046 адам бюллетень алған.


Оның ішінде Мәскеуде – 600, Санкт-Петербургте – 305, Астраханьда – 27, Омбыда – 77, Қазанда – 37 дауыс берген.


Алдын-ала есеп бойынша, Мәскеу сайлау учаскесінде тізімге енгізілген азаматтардың болжамды жалпы санының 25,6 пайызы бюллетень алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу