Ресейдің Тергеу комитеті Крокус Сити Холлдағы терактке қатысы бар тағы бір күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресейлік БАҚ департамент төрағасы Александр Бастрыкиннің қатысуымен өткен жедел кеңесте тергеуге қатысты тың деректер айтылғанын жазды. Алайда күдіктінің аты-жөні мен оның ұсталған жері көрсетілмеген.
"Ер адам лаңкестерді "қаржыландыруға" қатысқан деген болжам бар", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.