Мәскеудегі теракттан зардап шеккендер саны 360-қа жетті

1609

Оның ішінде 11 бала бар. 

Мәскеудегі теракттан зардап шеккендер саны 360-қа жетті Фото: RTVI

Крокус Сити Холлдағы терактіден зардап шеккендер саны 360-қа жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәскеуде болған теракт зардап шеккендер саны 27 наурыздағы жағдай бойынша – 360.

"Сәрсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша теракт салдарынан 360 адам зардап шекті, оның ішінде 11 бала", – деді жедел жәрдем өкілі.

Оның айтуынша, 92 адам ауруханаға жатқызылды, ал 63 адам ауруханадан шығарылды, 205 зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілді.

Ресей вице-премьері Татьяна Голикова Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер санының артуы қайғылы оқиға кезінде адамдар шок алып, қашып, дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінбегеніне байланысты дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу