7-9 ақпан аралығында Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі мен халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған турнирге Қазақстан атынан екі спортшы қатыспақшы.
Алдымен 7-8 ақпан күндері Алина Кабаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді. Халықаралық сынға Қазақстан командасының үздігі Алина Әділханова қатысады.
Ал 7-9 ақпан аралығында өтетін көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде Азия ойындарының жеңімпазы Адиля Тілекенова бақ сынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу