Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізілді

1006

Келесі аптада Үндістаннан тасымалданады.

Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізілді

Алматы әуежайына тоқтаған Азаматтық авиацияның екі борты Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізді, онда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған, вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотик бар, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

"Жуырда Қазақстан дәріханаларына 150 мыңға жуық азитромицин таблеткасы, миллионға жуық цефтриаксон, тамифлю препаратының 150 мың пакеті, арбидолдың 50 мың орамасы және арнайы рейстермен келген басқа да қажетті медициналық препарат түседі",– деп жазылған хабарламада.

Министрліктің есебінше, бұл дәрі-дәрмек бір айға жеткілікті.

"Келген дәрі-дәрмектер біркелкі үлестіріліп, жақын күндері өңірлерге жедел жеткізіледі",– дейді ведомстводан.

Айта кетсек, осы борт келесі аптада Үндістаннан да дәрі-дәрмек тасымалдайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру және дәрі-дәрмектерге барлық қажеттілікті жабу мақсатында мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу