Мәскеуден Қырғызстанға бет алған ұшақта тосын жағдай орын алды

153

Қырғызстанның Aero Nomad Airlines әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы Мәскеуден Ош қаласына бара жатқан жолда техникалық ақау салдарынан Внуково әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Мәскеуден Қырғызстанға бет алған ұшақта тосын жағдай орын алды Фото: SHOT телеграм

SHOT телеграм арнасының дерегінше, әуе кемесінің кабинасына ауа жіберетін құрылғыдан ақау шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Экипаж жағдайды бағалап, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мәскеуге қайта қонуды жөн санаған.

"Қырғызстан әуежайлары" ААҚ баспасөз қызметі оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді.

"Борт жерге сәтті қонды, ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшақ жөнделіп жатыр. Жолаушылар қауіпсіз жерде. Әуе кемесі жөндеу жұмыстары аяқталған соң Ош қаласына ұшады", – деді ұйымның баспасөз хатшысы Алена Хоменко.

Әзірге ұшақтағы жолаушылардың нақты саны жария етілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу