Мәскеуден Термезге бет алған ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Uzbekistan Airports АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мәскеу-Термез бағытындағы Uzbekistan Airways әуекомпаниясының HY9610 рейсінде жолаушылардың бірінің денсаулығы сыр беру себепті ұшақ Ақтөбе халықаралық әуежайының қосалқы аэродромына қонды. Экипаж бортқа жедел жәрдемді шақырды", - делінген хабарламада.
Ұшақ Ақтөбеге Ташкент уақытымен сағат 14:28 қонды. Әуекемесі жақын аралықта қайта ұшып шығуды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу