Астана-Мәскеу рейсінің ұшағы әуе торабының жоғары жүктемесінен Шереметьево әуежайына қона алмады. Оның орнына әуе кемесі жолаушыларды Петербургте орналасқан қосалқы аэродромға жеткізді. Мәскеу әуежайының Қазақстан рейсін қабылдай алмайтыны хабарлануда. Сол себепті ұшақ экипажы Санкт-Петерборға қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ бортында 132 жолаушы болған. Сонымен қатар, ұшақтың отыны азайғандықтан Петерборға бағыт алғаны хабарлануда, деп жазды inforeactor.ru-ға сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу