"Бүгін Украинаның ұшқышсыз ұшақтары Жаңа Мәскеу мен Мәскеу облысына шабуыл жасауға әрекеттенді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ол шабуылдарға тойтарыс берді, анықталған барлық ұшқышсыз ұшу аппараттары жойылды".
Оның айтуынша, қауіпсіздік мақсатында кейбір рейстер Внуково әуежайынан уақытша қайта бағытталды.
"Сағат 8:00-де Внуково әуежайы аймағында ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр".
Осыған ұқсас оқиға 2023 жылғы 30 мамырда болды.Сол күні таңертең Жаңа Мәскеу мен Мәскеу облысының тұрғындары аспаннан ұшқышсыз ұшақты байқаған. Аспаннан жарылыс даусы естілген. Кейін әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жұмыс істегені белгілі болды.