Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды

7007

Ресей астанасында кем дегенде екі дрон құлап, көпқабатты үйге зақым келтірген. 

Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды Фото: focus.ua

Мәскеу мен Мәскеу облысына дрондар шабуыл жасады. Telegram-арналар хабарлағандай, астананың оңтүстік-батыс және батыс аудандарында кем дегенде екі дрон құлаған, деп жазады inbusiness.kz.

Baza телеграмм-арнасында Мәскеу облысының Истра, Красногорск пен Одинцов аудандарында және Рублево кентінде әуе қорғанысының жұмысы туралы хабарланғаны жазылған.

Мәскеу әкімі Сергей Собянин дрондардың шабуылын растады, ешкім қатты зардап шекпегенін, төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істейтінін айтты.

Киев осымен бір тәулік ішінде үшінші рет ресейлік шабуылға ұшырағанын еске саламыз. Украина билігі мәлімдегендей, өткен түні аралас және баллистикалық шабуылдан кейін тек дрондар қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу