Мәскеудің Внуково, Домодедово мен Жуковский әуежайлары 28 тамызда таңертең рейстерді уақытша қабылдамады, деп жазады Inbusiness.kz Росавиация хабарламасына сілтеме жасап.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин бұған дейін Люберец аймағында Мәскеуге қарай бет алған ұшқышсыз ұшу аппараты жойылғанын айтқан болатын.
Қосалқы әуеайлақтарға ұшып кеткен ұшақ жолаушылары ақыры межелі әуежайларға жеткізілді, деп хабарлайды азаматтық авиация ведомствосы.
Қазіргі уақытта барлық Мәскеулік әуежайлар штаттық режимде жұмыс істейді.
Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін дүйсенбіге қараған түні Брянск облысының аспанында кезекші Әуе қорғанысы екі украиналық ұшқышсыз ұшақтарды атып түсіргенін хабарлады.