Мәслихат депутаттары Астананың алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасын қабылдады

683

Мәслихат депутаттары Астананың алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасын қабылдады

Қалалық мәслихат депутаттары елорданың басты қаржылық құжатын бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді 2018 -2020 жылдарға арналған елорданың бюджет жобасын ұсынды. Оның берген мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласының алдағы үш жылға арналған бюджеті 997 млрд теңгені құрамақ. 

"2018 жылы жергілікті бюджеттің көлемі – 369 млрд, 2019 жылы – 320 млрд және 2020 жылы – 308 млрд теңгені құрайтын болады деп жоспарлануда. Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы толықтай сақталған. Әлеуметтік салаға 124 млрд теңге көлеміндегі қаражат бөлу көзделген. Бұл қаржы жалпы бюджеттің 34 пайызын құрайды. Бюджет жобасында еңбекақы төлемдеріне, әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар да қарастырылған", - деді депутаттардың алдында сөз сөйлеген Ерғали Егемберді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу