Мәслихат депутаттарының қос азаматтық фактілері анықталды - Әшімбаев

551

Мұндай заң бұзушылықпен күресу керек.  

Мәслихат депутаттарының қос азаматтық фактілері анықталды - Әшімбаев Фото: senate.parlam.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, 2022 жылы қос азаматтықтың 841 фактісі анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ал биылғы жылдың қаңтар-1 қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар адам анықталды. Өкінішке орай, олардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары болған жағдайлар да бар, бұл сұрақ туғызады", деді ол.

Сондықтан мұндай заң бұзушылықтармен күресу керек, деді Әшімбаев.

"Қытаймен қол қойған келісім-шарттар қос азаматтыққа жол берілмейтіні туралы анық жазылған Қазақстан Республикасының Конституциясының сақталуын қамтамасыз етеді деп үміттенеміз", - деп түйіндеді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу