Мәслихат сайлауына өзгеріс енгізіледі

981

Мажоритарлық жүйеге көшуді қолдап жүргендердің нақты ұсынысы жоқ.

Мәслихат сайлауына өзгеріс енгізіледі

"2018 жылы сайлау заңнамасын жетілдірдік. Мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілейін деп отыр. Мәслихаттың келесі сайлауы Мәжілістегідей партиялық тізіммен өтеді. Жекелеген оппоненттердің немесе блогерлердің мерзімінен бұрын Парламент сайлауының және басқаларының мажоритарлық жүйесіне оралуды ұсынып жатқанын естіп отырмыз. Бүгін мұндай сөз сөйлеушілерге жауап беру қажет", – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш Президенттің мәлімдеуінше, сайлауды мажоритарлық жүйеге көшуді қолдап жүргендердің нақты ұсынысы жоқ.

"Олардың нақты аргументтері жоқ, әдеттегідей тек қана әңгіме. Билікті сынап сөйлегендері бос сөз ғана. Тым болмаса біреуі қалай істеу керектігін ұсынып, қалай жасау керектігін көрсетсе ғой. Демократияның шамшырағы деп жүрген Еуропадағы 30 дамыған елдің қатарына кіретін мемлекеттердің 63%-ы сайлауды пропорционалды жүйемен өткізеді. Мажоритарлық жүйедегі сайлау Азия елдеріне тән. Яғни пропорционалды жүйе үздік әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді. Саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға септігін тигізіп, толықтай алғанда саясия партияның қызметін жандандырады", – деп түсіндірді "Nur Otan" партиясының төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу