Мәслихат шешімін әділет органында тіркеу талабы алынып тасталады

786

Сенат екінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады. Осыған қатысты ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәслихат шешімін әділет органында тіркеу талабы алынып тасталады

"Негізгі нормаларға тоқталсақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту мақсатында төртінші деңгейге қосымша салықтар мен төлемдердің 4 түрін беру ұсынылады. Екіншіден, бюджеттік рәсімдерді оңайлату ұсынылды. Атап айтқанда, 20%-дан аспайтын көлемде ауылдық округ әкімі аппараты үшін бюджетке түзету енгізуді көздеуге бастама жасалды. Түзету жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ мәслихаттардың шешімдерін әділет органдарында тіркеу қажеттілігі бойынша норманы алып тастап, бюджеті бекіту рәсімін оңайлату ұсынылды", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, әкімшілік-аумақтық бірлік санатын өзгерту тәртібі анықтау қажет. 

"Қала мәртебесін өзгерту 5 жыл ішінде, ал ауылдар 3 жыл ішінде осы заңда белгіленген талапқа сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады. Яғни жергілікті атқарушы және өкілді органдар осы кезеңде елдімекендердің  келешегін ескере отырып, экономикалық дамуы үшін шара қабылдауға тиіс", – деді Әсет Ерғалиев.

Құжатта мәслихат пен оның депутаттарының мәртебесін арттыруға қатысты 
бірқатар түзету қарастырылған. 

"Мәслихат сессиясы төрағасының қызметін таратып, оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру ұсынылды. Сонымен қатар әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда мәслихаттардың тұрақты комиссия төрағаларының босатылған 2 лауазымын енгізу бастамасы көтерілді. Бұл ретте тұрақты жұмыс істейтін тұрақты комиссиялардың төрағалары болып әртүрлі саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынылады. Бұл шаралар аймақтарды саяси бәсекелестікті ынталандыруға әсер етеді. Бұл заң жобасы өңірлердің дербестігі мен жауапкершілік деңгейін арттыруға және жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді", – деді ұлттық экономика министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу