Мәслихаттарға "Ақ жол" партиясы сегіз жүзден астам үміткер ұсынды

625

Үміткерлердің  арасында бизнесмендер, медицина және білім беру саласы қызметкерлері мен Алаштанушылар бар.

Мәслихаттарға "Ақ жол" партиясы сегіз жүзден астам үміткер ұсынды

"Ақ жол" демократиялық партиясының кезектен тыс XVI құрылтайында партия атынан жергілікті Мәслихаттарға ұсынылатын үміткерлер тізімі жасалды. Партия төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов айтты.

"Конференциялар шешімімен қалалық мәслихаттарға үш республикалық маңызы бар қаланы қосқанда 229 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Облыстық мәслихаттарға 94 кандидат өзін ұсынып отыр. Республика бойынша 161 ауданнан 471 азамат кандидатурасын ұсынды. Барлығы сегіз жүзден аса үміткер бар" – деді партия төрағасы.

Берік Дүйсембиновтің айтуынша, үміткерлер құрамында заңға сәйкес әйелдер мен жастар квотасы сақталған. Үміткерлердің басым көпшілігі кәсіпкерлер, медицина, оқу-ағарту саласы қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері. Үміткерлер жергілікті филиалдардың конференциялары шешімімен бекітіледі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу