Мәслихаттың отырыстары онлайн-трансляция тәртібінде өтеді

1151

Биыл жылдың аяғына дейін облыстық және қалалық мәслихаттардың сессиялары мен отырыстары онлайн трансляцияға көшеді.    

Мәслихаттың отырыстары онлайн-трансляция тәртібінде өтеді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры Анар Байтөкенова  ақпаратқа қол жеткізу жайында өткен отырыста айтты.

"Барлық деңгейдегі мәслихаттардың отырыстары баршаға қолжетімді болу үшін осындай шешімге келдік. Бұл мәслихаттардың ашықтығын қамтамасыз етіп, халықтың мәслихат депутаттарына деген сенімін нығайта түседі", – дейді ол.

Бірақ мәслихат сессияларын республикалық арналардан тікелей эфир жүргізу үшін шамамен 1,3 млрд теңге қажет екен. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және жергілікті мәслихаттармен бірлесе отырып, онлайн режимінің балама түрі –  iTube арқылы трансляциялауды жөн деп тапқан.

"Бұл –  YouTube желісінің отандық платформасы. Осы желі арқылы тікелей эфир жасау – қосымша шығынды қажет етпейді. Қазіргі таңда 9 облыстық, 11 қалалық мәслихат онлайн трансляция жасау бойынша сынақ режиміне қосылды. Мәслихаттар тікелей трансляцияға дайындық жұмыстарын жүргізетінін ескере отырып, бұл жобаны осы жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз", – дейді Анар Байтөкенова.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу