"Масс-медиа туралы" заңда баспасөз картасы туралы норма болмайды

258

Осыған дейін бұл норма қоғам сынына ұшыраған болатын. 

"Масс-медиа туралы" заңда баспасөз картасы туралы норма болмайды Фото: telegraf.com

Мәжілістің пленарлы отырысында "Масс-медиа туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Негізгі заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, журналистердің құқықтарын нығайту және міндеттерін қайта қарау, журналистердің артықшылықтарын кеңейту үшін нақты ұсыныстар көзделген. Заң жобасында жекелеген журналистерге оңайлатылған аккредиттеу құқығын беретін баспасөз картасын енгізу жөніндегі норма ұсынылған. Ашығын айту керек, бұл норма жұмыс тобында, жалпы қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Жұмыс тобы мүшелерінің басым көпшілігі бұл норманы – демократиялық принциптерге қайшы, журналистерді алалау, жан-жақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деп бағалады", - деді депутат Жанарбек Әшімжанов.

Сөзінше, баспасөз картасы туралы норма жойылды.

Спикер заң жобасы бойынша депутаттар енгізген бірқатар түзетулерге тоқталды:

- "Баспасөз картасы"; "Бұқаралық ақпарат"; "Діни теле бағдарлама"; "Журналистердің құқықтары мен бостандық-тарының сақталуы туралы Ұлттық баяндама"; "Теле-, радио арнаны есепке қою туралы куәлік" ұғымдарын алып тастау; 

- "Журналистің ерекше мәртебесі" және "Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі" ұғымдарын енгізу; "Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу" және "Масс-медиа мониторингі" ұғымдарын нақтылау;

- Желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді БАҚ түрлерінің бірі болып табылатын "интернет-басылым" бірыңғай ұғымына біріктіру. Бұл ретте, интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады;

- Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттерін нақтылау; 

- Үкіметтің мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды іске асыруды ұйымдастыру жөніндегі құзыретін толықтыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу