Ойын кезінде көк қағаз алған футболшы матчтан 10 минутқа ойыннан шеттетіледі. Ал, бір матчта төрешіден екі рет көк қағаз алу – ойыннан шығумен тең. Яғни ойыншыға қызыл қағаз көрсетіледі.
Әзірге жаңа ереже әйелдер мен жасөспірімдер футболында, сондай-ақ төменгі лига жарыстарында сынақтан өтеді. Сонымен бірге, Англия футбол қауымдастығы келесі маусымда өз жарыстарында бұл ережені енгізуге ниет танытып отыр.
Бастапқыда төрешілермен шектен тыс дауласып, тактикалық ережені бұзатындарға көрсетілетін картаны қызғылт сары түске бояу ұсынысы болған. Алайда кейінірек ол басқа карталардың түстеріне - сары және қызылға ұқсамас үшін көкке бояу туралы шешім қабылданған.