Матрица: Түркістан облысынан басқа өңір мен қаланың бәрі "қызыл" аймақта тұр

1144

Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды inbusines.kz.

Матрица: Түркістан облысынан басқа өңір мен қаланың бәрі "қызыл" аймақта тұр

Матрицаға сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Ал "сары" аймақта Түркістан облысы ғана қалған.

Ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның  1-компонентін  5 370 661 адам,  2-компонентін 3 730 920 адам салдырғанын хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу