Алматыда табылған "Маугли" балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылады

551

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда табылған "Маугли" балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылады Фото: polisia.kz

Дабыл қаққан Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы бірнеше күн бойы полицияда есепте тұрған 41 жастағы Х.есімді азаматшаның отбасын тексеруге әрекеттенген.

 Бұл отбасын биылғы жылдың мамыр айында тіркедік, балалардың анасы Павлодардан келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шығуға құлықсыз болды. Кезекті тексеру барысында, 8 тамызда бірдеңенің дұрыс емес екенін сездім: үйде дыбыстар естілді, бірақ есікті ешкім ашпады. Менің дабылым бойынша оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор, ТЖД қызметкерлері мен қамқоршылық өкілдері тартылды. Есік күшпен ашылды. Сараптамамен расталғандай, әйел үйде “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болған. 2016 жылы туған қыз балаға, 2018 жылы туған ұл балаға және 2020 жылы туған тағы бір ұл балаға күтім жасалмаған. Үйдің іші лас болды. Балалар бірден өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілді, – дейді Медеу аудандық ПБ ЮПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Айжан Бутабаева.

Медеу аудандық полиция басқармасы басшылығының айтуынша, іс материалдары жинақталып, әйелді одан әрі ата-аналық құқығынан айыру үшін 2023 жылдың 18 тамызында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу