Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палата отырысында АҚШ-та бюджет қаражатын үнемдеуге кіріскен Илон Маскты мысалға келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сөзінше, Қазақстанда да тиімсіз және орынсыз шығындарды болдырмау туралы ережелер қажет. Сенат спикері АҚШ-тағы жағдайда мысалға келтірді.
"Қазір барлығымыз Америка Құрама Штаттарында не болып жатқанынан, жаңа әкімшіліктің қызметінен хабардармыз. Мемлекеттік шығындарды азайтуға бағытталған жаңа министрлік құрылды. Оны Илон Маск басқарады. Олар әрбір мемлекеттік органды тексеріп, тиімсіз және орынсыз шығындарды алып тастап жатыр. Осылайша біраз қаражатты үнемдемек. Әрине, бізге ешкімнен ештеңені көшірудің қажеті жоқ. Бірақ біз шығындарымызды тиімді жұмсау мәселесіне назар аударғанымыз жөн", – деді Сенат спикері.
Мәулен Әшімбаев кіріс пен шығысты сәйкестендірудің екі жолы бар екенін айтты.
"Үкімет ұсынып жатқандай салық реформасы арқылы кірісті көтеруіміз керек. Шығындарды азайтудың екінші жолы да бар. Біздің жағдайымызда кірісті көтеру және шығынды азайту механизмін де қолдануымыз керек", – деді ол.